Алматыдағы "Барлық" базарының маңында полиция автокөлігінің өртенуіне қысқа тұйықталу себеп болған. Бұл туралы Tengrinews.kzтілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады.
Қалалық ІІД өкілдерінің айтуынша, оқиға биыл 16 қаңтарда Райымбек даңғылында болған. "Видеода Наурызбай ауданы бойынша қызмет атқарған жол-патрульдік полициясының экипажы көрсетілген. Электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған", — деп пікір білдірді ІІД өкілдері.
Полицейлердің өртті өздері сөндіргені хабарланып отыр. Зардап шеккенде жоқ.
Оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде пайда болған.