Павлодарлық әйел жүктілігінің 36 аптасында кенеттен көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық әйел жүктілігінің 36 аптасында кенеттен көз жұмды

Павлодарлық әйел жүктілігінің 36 аптасында кенеттен көз жұмды

[wpcode id="1694287"] Павлодар қалалық №1 ауруханасының босандыру бөлімінің қабылдау бөлмесінде 32 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабар

  • 25 Қаңтар 2017
  • 956
Фото - Caravan.kz


Павлодар қалалық №1 ауруханасының босандыру бөлімінің қабылдау бөлмесінде 32 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қаңтар күні сағат 10 шамасында жедел жәрдем қызметіне ер азамат хабарласып, әйелінің нашар сезініп жатқанын айтқан. Жүкті әйелді қалалық №1 аурухананың босандыру бөліміне жеткізген. Дәрігерлер жарты сағат бойы әйел адамның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен нәтиже болмады. 11.30 шамасында биологиялық өлім тіркелді. Болжам бойынша диагноз — төменгі өкпенің қатерлі ісігі. Нәресте құрсақта қайтыс болды. Облыстың бас акушер-гинекологы Гүлнар Жармакинаның айтуынша, марқұм №4 қалалық емханада қаралып, уақытылы тексеріліп жүрген. — Өкінішке орай, жүкті әйелдерде мұндай жағдай болып тұрады, — деді дәрігер. Өңіріміздегі танымал гинекологтар да Гүлнар Жармакинаның айтқанын қайталап берді.