Ислам Каримовтың есімін еншілейтіндердің қатарында Асакедегі автомобиль зауыты, Ферғанадағы өнер сарайы, Қарақалпақстан республикасындағы орталық көше, Самарқанд және өзге қалалардағы бірқатар нысандар мен көшелер бар. Ал тұңғыш президенттің ескерткіші ел астанасы мен Самарқандта және Каршиде орнатылмақ.
Ал өзі ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген Ақсарай резиденциясынан ғылыми-ағарту мемориалдық кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Және бұл жерде Каримов атындағы республикалық қайырымдылық қоғамдық қоры ашылады.
Сондай-ақ, жарлыққа сәйкес жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін Ислам Каримов атындағы мемлекеттік стипендия тағайындалады.