ЭКСПО билеттерін мұғалімдерге күштеп сатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО билеттерін мұғалімдерге күштеп сатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берілді

ЭКСПО билеттерін мұғалімдерге күштеп сатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берілді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Ақсұлу Арзықұлова арнайы брифинг барысында бюжет қызметкерлерін билет алуға күштеу туралы ақпараттың түспегенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

  • 2 Ақпан 2017
  • 690
Фото - Caravan.kz

Брифингте тілшілер компания өкілінен «аймақтарда мұғалімдерге билет мәжбүрлі сатылып жатқандығы туралы ақпарат тарады, бұл фактілер нақтыланды ма?» деп сұрады.

«ЭКСПО» ұлттық компаниясы тарапынан бұндай тапсырма болған жоқ. Құқық бұзушылықтарға жол бермес үшін арнайы желіні қосқанбыз», — деді А.Арзықұлова.

Осы орайда маман компания сайтында арнайы ақпарат бар екендігін, және hotline@expo2017astana.com поштасы ашылғандығын айтты.


«Егер ЭКСПО билеттеріне қатасты құқық бұзушылықтар болса, осы электронды поштаға нақты фактілерді жазып жіберуге болады. Бірақ та, бүгінгі таңда бұндай құқық бұзушылықтар бойынша шағымдар тіркелген жоқ», — деп қорытындылады А.Арзықұлова.

Атап өтсек, билет алуға заңсыз күштеу жайлы 87023326521 мен аталған қауырт желідегі whatsapp арқылы хабарлауға болады.