Астана әкімі автобус жүргізушілеріне мәдениеттілікті үйрететін болды
«Автобус жүргізушілері мәдениеттілік деңгейін көтермейінше, жұмыстан шығарамыз, жазалаймыз, үйретеміз», – деп жазды Исекешев. Еске сала кетейік, 1 ақпан күні сағат 18:00 кезінде «Көктем» сауда үйі аялдамасында уақыт аралығына байланысты № 120 және № 39 автобустары жүргізушілері арасында жанжал орын алған. № 39 бағдардың жүргізушісі аялдамадан қозғала отырып, қиылысқа қарай жүре бастаған кезде №120 қоғамдық көлігін басқарып отырған азамат қозғалысқа кедергі жасауға тырысқан.
Осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, автобус жүргізушілерінен түсініктеме алынған. Атап айтқанда, қос тараптың да жол ережесін бұзғандығы анықталды. №39 бағдардың жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланса, №120 автобустың жүргізушісіне