Жамбыл өңірінде қар құрсауында қалған 200-ден астам адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл өңірінде қар құрсауында қалған 200-ден астам адам құтқарылды

Жамбыл өңірінде қар құрсауында қалған 200-ден астам адам құтқарылды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында түні бойы қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Ақпан 2017
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Мәселен, 3 ақпан күні кешкі сағат 18-ден бастап 4 ақпан күні таңертеңгі 4-ке дейін Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент» автожолының «Шақпақ» асуында Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің, Жедел құтқару отрядының, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақавтожол» РКК-нің күшімен 223 адам, оның ішінде 35 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Азаматтарды жылыну пунктіне жеткізу ұйымдастырылды. Қар құрсауынан 21 техника шығарылды. Қарға батып қалған 24 автомобиль әлі де бар (адамдар жылыну пунктінде). Зардап шеккендер жоқ», — деді Иманқұлов.