Тәжікстанда 1 наурыздан бастап студенттер мен ұстаздар ұлттық киіммен жүруі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда 1 наурыздан бастап студенттер мен ұстаздар  ұлттық киіммен жүруі тиіс

Тәжікстанда 1 наурыздан бастап студенттер мен ұстаздар ұлттық киіммен жүруі тиіс

1 наурыздан бастап Наурыз мерекесіне дейін Тәжікстандағы жоғарғы оқу орнының студенттері сабаққа ұлттық киіммен келуі керек. Тәжікстанның білім және ғылым министрлігінің жазбаша нұсқауы бойынша, ұлттық киімді жоғары оқу орындары мен мектептегі ұстаздар қауымы да киюі тиіс.

  • 6 Ақпан 2017
  • 1178
Фото - Caravan.kz

Министрліктің баспасөз хатшысы Эхсони Хушвакттың айтуынша, наурыз айында тәжік қыздары атлас пен адрастан тігілген ұлттық киім мен кесте басылған чакан киеді. Наурыз мерекесі кезінде де олар мерекелік киіммен жүреді.

Ресми нұсқауда "тәжік халқының ежелгі дәстүрін қайта жанжандыру" мақсатында осындай шешім қабылданғаны айтылған. Наурыз мерекесі Тәжікстанда 21-24 наурыз аралығында атап өтіледі.

Душанбедегі жоғарғы оқу орнындағылар осындай нұсқау алғандарын растады. Бұған дейін Наурыз мерекесі кезінде қыздарға ұлттық киім киіп келу туралы кеңес берілетін, бірақ ол кезде ресми нұсқау берілмейтін.