“Шын мәнінде ел не болып жатқанын білмейді, сол себепті мені ата-анамның тағдырына бей-жай қарайды деп айыптайды. Алайда көз жасымды бүкіл елге көрсетуім керек немесе әртүрлі мұңлы хикаялар жазғанымды дұрыс деп есептемеймін. Мен адамдарды түсінбеймін. Тергеу изоляторының жанында суретке түсуім керек пе? Меніңше, ел алдында сонша “жалаңаштанудың” қажеті жоқ. Сондықтан мен адамдардың пікірін оқымайтын болдым. Артық рет өзіме лайықсыз сөздерді естігім келмейді. Оның бар себебі – олар шын мәнінде не болып жатқанын білмейді. Сол сияқты ата-анама қатысты да әртүрлі “лайықсыз” сөздер айтылады. Сол себепті ештеңеге мән бермеймін деп шештім. Өйткені уақыт өткен соң барлығы бәрібір өз қалпына келеді. Адамдар бірдеңе түсінетін шығар деп үміттенемін”, – дейді Айсәуле.
Бұдан бөлек, Айсәуле анасының екінші рет тұрмыс құруына оң көзбен қарайтынын жеткізді.
“Керемет емес пе? Өз басым қуаныштымын. Ата-анам бірге болса да, болмаса да, бастысы бақытты болса, мен әркез оған қуанамын. Ештеңеге қарамастан, олар бақытты болса мен де бақытты боламын”, – деп мәлімдеді Айсәуле.