Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевты қабылдады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.

  • 15 Ақпан 2017
  • 347
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағамдап, болашаққа деген бағыт-бағдарын айқындады. Әсіресе, шағын және орта бизнес пен мектеп, балабақша мәселесіне айрықша тоқталды. Өндірісті өркендету жайын да кеңінен сөз етті. Сонымен қатар сапасы сын көтермейтін автокөлік жолдарын ретке келтіріп, тұрғындарды алаңдатқан түйткілдерге баса көңіл бөлу керектігін айтты.

— Ақтөбе облысы өндірісті өлкенің біреуі. Халқын көбейтеміз деп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ облыстың экономикаға қосатын бөлігі азайып келе жатыр. Оның неге байланысты екенін қарау керек. Жалпы енді Қазақстанның экономикасы тез өсіп келе жатыр. Сендер өспей жатыр десек, бір басқа. Басқа қандай өңдейтін өндіріс дамуы бар. 115% болды. Барлық көрсеткіштеріміз былтырғыдан жоғары. Шағын және орта бизнесті 50%-ға дейін облыстарға да жатады. Облыста да солай болу керек. Сондықтан қалай боп жатыр. Қазір бізде 30%. Балабақшаларды салу да өсіп келе жатыр. 36 мың бала кезекте тұр. Апатты мектептер бар әлі. 3 ауысымды мектептер бар. Соларды жолға қою керек. Келесі жолы бәрін бітіреміз. Облыстың ішіндегі автожолдардың сапасы онша емес. Соларды керек нәрселер ғой. Осы нәрселерге көңіл бөл, деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев былтырғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда едәуір жоғарылағанын атап өтті. Ал мемлекеттік бағдарламалар арқылы 16 мың жұмыс орны ашылған. Дегенмен, Президент бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, әлеуметтің әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды.


— Жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда жоғары. Ең негізгісі дағдарысқа қарамастан, жұмыссыздар санының өсуіне жол берген жоқпыз. Еңбекақыдан, жәрдемақыдан, зейнетақыдан қарыз жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалар дер кезінде орындалып жатыр. Берілген қаржы толығымен игерілді. Жалпы саяси-әлеуметтік жағдай тыныш, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.