Марқұмның денесін полицейлер тауып, 16 ақпан күні туған-туыстарына қаралы хабарды естірткен.
"Біздің туыстарымыз мәйітті қарауға барып келді, қолындағы сақинасынан Амандық екенін таныды. Бізге оны Приозерный аумағында қамыстардың арасынан табылғанын айтып отыр", — дейді марқұмның әкесі.
Ішкі істер органдары бұл жайтқа байланысты әлі ешқандай мәлімет берген жоқ. Баланың неден қайтыс болғаны да белгісіз.
Айта кетейік, Амандық Сатыбалдиев былтыр 26 тамыз күні Маңғыстау-5 ауылындағы үйінен кешкі сағат сегіздер шамасында шығып, сол күйі қайта оралмаған. Бозбаланы туған-туыстары мен 50 сарбаз және полицейлер іздеді. Алайда, іздек шаралары нәтижесін берген жоқ.
Әкесінің айтуынша, Амандық бір қызға ғашық болып, сол бойжеткеннің ата-анасымен сөзге келген екен. Жоғаларының алдында Амандық қыздың анасымен SMS-хабарлама алмасқан.