«Наурыз айында Германияда өтетін турнирге, немесе сәуірге Финляндияда болатын бәсекеге қатысатын шығармын. Одан бөлек, WSB жобасына да қатысамын», — дейді Тищенко «Спорт экспресс» басылымына берген сұхбатында. Левит те шаршы алаңға наурыз не сәуір айында қайта шығады. Сонымен қатар ол да «Астана арландары» сапында бүкіләлемдік бокс сериясында жұдырықтасады. Сондықтан да жуық арада бұл екі боксшының жолы түйісуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасымен бірге AIBA академиясында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр, деп жазады Vesti.kz.