Құжатқа сәйкес, енді шетелдік сүңгуір қайықтар Қытай аумағымен өтіп бара жатып, су бетіне жүзіп шығып, қайда бет алғандары туралы баяндауға тиісті, деп хабарлайды China News Service. Сондай-ақ олар су бетіне шыққан кезде қай елге тиесілі екендігін білдіретін туларын жоғары көтеріп, көрсетіп жүзулері керек. Ал егер өзге елдердің су көліктері Қытайдың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, навигацияға кедергі келтіретін болса, ел аумағынан сол мезетте қуылады.