Air Astana ұшағының қозғалтқышы істен шығып, Алматыға шұғыл қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana ұшағының қозғалтқышы істен шығып, Алматыға шұғыл қонды

Air Astana ұшағының қозғалтқышы істен шығып, Алматыға шұғыл қонды

Air Astana әуе компаниясының КС672 рейсімен Астана - Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағының қозғалтқыштарының бірі істен шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz тілшісі Алматының халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • 7 Наурыз 2017
  • 351
Фото - Caravan.kz


"7 наурызда Air Astana әуе компаниясының Астана — Алматы бағытындағы Боинг 757-200 ұшағы қозғалтқышы істен шыққандықтан, қонуға рұқсат сұрады. 11:00-де ұшақ Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 72 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болды", — делінген хабарламада.  Ешкім зардап шеккен жоқ. Компания өкілдері болған жайттың мән-жайы туралы айтып берді. "Әуе компанияның Астана — Алматы бағытындағы "Боинг-757" ұшағы 2017 жылдың 7 наурызында экипаждың техникалық себептермен сол жақ қозғалтқышын өшіргеннен кейін, штаттық режимде қонды. Экипаж халықаралық қауіпсіздік процедураларының бәрін орындады. Қазір әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр", — делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында. Еске салайық, Air Astana әуе компаниясының Алматы — Орал бағытындағы ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонған болатын.