Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді

Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының тумасы 1994 жылы туған әйел өзінің отбасы – күйеуі және екі баласымен бірге пәтер жалдап тұрады ?

  • 16 Наурыз 2017
  • 552
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысының тумасы 1994 жылы туған әйел өзінің отбасы – күйеуі және екі баласымен бірге пәтер жалдап тұрады екен. Ол үшінші балалы болғысы келмеген. Алайда өзінің жүкті екенін білген кезде одан құтылу үшін сатып жібермек болыпты.

Күйеуінің үнсіз келісімін алғаннан кейін ол бүкіл туыстары мен таныстарына әлі өмірге келмеген баласын сататынын айтып жария етеді. Айтпақшы, оның жезөкшелікпен айналысып, Түрксіб аудандық полиция бөлімшесіне де бірнеше мәрте бас сұққанын айта кету керек. Алматы ІІД қызметкерлері жедел әдіспен оның “әріптестері” арқылы ақпаратты анықтап, іске кірісіп кетеді.

Ол ақыры сатып алатын адамды тауып, 2000 долларға саудалауға келіседі. Баланы сатып алуға арналған банконттың сериялық нөмірін полиция қызметкерлері алдын ала анықтаған.


7 наурыз күні Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде жас ана ұлды болады. Сәбидің салмағы 4 келі, ал бойы 55 см. Екінші күні ол сәбиімен бірге үйге келіп, “сатып алушыны” шақырады. Пәтерде сатып алушы әйел баланы алып, ал нәрестенің анасы 290 000 теңгеге ие болады. Бұл кезде екеуі бір-біріне қолхат жазып береді.

Айырбастау аяқтала салысымен пәтерге полиция қызметкерлері кіріп келіп, заңсыз бала сату ісінің үстінен түседі. Қазір істі қарап жатыр. Әйел “кәмелетке толмаған баланы саудалағаны” үшін жауапқа тартылды.