Қытайдағы түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың туған күніне арналған ролик жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың туған күніне арналған ролик жарыққа шықты

Қытайдағы түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың туған күніне арналған ролик жарыққа шықты

Youtube-ке шыққан ролик суреттерден құралған. Оған Ақжарқын Тұрлыбайдың бостандықта жүрген кезінде түскен фотолары пайдаланылыпты. Ал музыка ретінде Қайрат Нұртастың орындауындағы "Туған күн" әні алынғанына қарағанда, ролик Ақжарқынның 21 ақпанда өткен туған күніне арналса керек. Ол биыл 23 жасқа келді. Бірақ фотобаян 14 наурызда жарияланған.

  • 16 Наурыз 2017
  • 14248
Фото - Caravan.kz

Ақжарқын Тұрлыбай осымен үшінші туған күнін түрмеде қарсы алды, деп жазады Caravan.kz тілшісі.

Ол 2014 жылы Қытайдағы Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Ақжарқынның жүгінен 4,5 килограмм есірткі табылған. Студент Малайзияға сапарлап бара жатқан еді. Қыз мұндай жүктің барын білмегенін, ал сөмкені өзге біреуге беріп жіберуге өтінгендерден алғанын айтқан. Қыздың ата-анасы Ақжарқынды алаяқтар өз мақсатында пайдаланбақ болды деген ойда. 2015 жылдың маусымында Қытай соты Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылдың 6 мамырында апелляциялық сот алғашқы шешімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.