Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды

Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды

Мұндай пікірді танымал ақын Әселхан Қалыбекова oinet.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. А

  • 30 Наурыз 2017
  • 1517
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікірді танымал ақын Әселхан Қалыбекова oinet.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Айтыстың арқалы ақыны өз сұхбатында талай нәрсеге қатысты өз ойын ірікпей ашық айтқан. Мәселен кейбір ақындардың сахнадан кетуіне әсіредіншілдік себеп деген ой білдіріпті.

«Бұл – ақиқат пікір. Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды. Ақынның қай-қайсысын алсаңыз да, бәрі кедей. Не үйге, не киімге жарымайды. Соларға қамқор болғансып, Меккеге апарады. Бекболат пен Мұхамеджанмен бірге умра қажылыққа барған ақындардың бәрі діншіл болып шыға келеді, әйтеуір. Шәкәрімнің сөзімен айтқанда, бұлар діншіл емес – пәмшіл»,- дейді Ә.Қалыбекова.

Бұған қоса ол бүгінде істі болған белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жайлы да пікірін ортаға салыпты.


«Білім министрі мен Мәдениет министріне жарымай-ақ қойдық. Тұңғышбай 69 миллион теңге жеді дегенге өз басым сенбеймін. Өнер адамы аңғал болады. Айыптамай тұрып тексеріп алуы керек қой. Мүмкін Тұңғышбайдың атын жамылып, басқа адамдар жеген шығар? Қазіргі Мәдениет министріне әбден көңілім қалды. Қазақ хандарының рөлін сомдаған Тұңғышбайды халқы ешқашан ұмытпайды. Ал Мәдениет министрі қызметінен түскен күні-ақ ұмытылады»,- деп өз сұхбатын аяқтаған.