Ақшаның басым бөлігін шенеуніктер Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысына бөлген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Өйткені былтыр бұл өңірлерде зиянкестер піскен егінді жайпап өткен болатын. Сөйтіп, шаруалар миллиондап шығынға батты.
Ал өткеннен сабақ алдық деген министрлік өкілдері биыл зиянкестердің еркінсуіне жол бермейтінін айтады. Оның үстіне, қазір шегірткелер дамудың алғашқы кезеңінде. Яғни жер бетіне толық шыға қоймады. Бірақ мамыр айында тіріліп, жаппай жорыққа шығуы мүмкін.Сондықтан министрлік қазір техника мен дәрі-дәрмегін сайлап, шырылдауықтармен күреске дайын отыр.
"Бәрі ауа райына байланысты. Күн жылынып, шегірткелердің дернәсілдері жерге шықса анықтаушыларымыз дайын тұр. Былтырғыдай келеңсіз жағдай болады деп ойламаймын" дейді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Ақылбеков.