Қарақаттың соңғы қылығын әңгіме қылған ақсақалдың аузынан «Қарақатын» деген сөз шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақаттың соңғы қылығын әңгіме қылған ақсақалдың аузынан «Қарақатын» деген сөз шықты

Қарақаттың соңғы қылығын әңгіме қылған ақсақалдың аузынан «Қарақатын» деген сөз шықты

Белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның Астананың басты мешітінде туған күнін әрі «Құрсақ шашу» рәсімін жасағанын жұрт әлі де әңгіме қылып жатыр. Ал Құдай үйіндегі думан өткен жұма күні болған еді.

  • 11 Сәуiр 2017
  • 16924
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы әңгімеге Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков араласты. Бүгін Rezonans.kz сайтына оның «Синдром «черной смородины» деп аталатын жазбасы жарияланды.

Онда Телібеков былай дейді:

«Мешіт ғимаратында көл-көсір той жасаған бұл әншіні мен аяймын. Менің ойымша, ол өз ата-анасының абыройына нұқсан келтірді. Өйткені бұдан кейін ол отбасында дұрыс тәрбие алмаған-ау деген ой келеді.  

Егер мешіттің басшылығына келсек, имамдарды түсінуге болады. Біздегі діни орындар баяғыда-ақ коммерциялық кәсіпорынға айналған. Бұл үшін оларды кінәлаудан аулақпын. Өйткені көндіккен жағдай. Сондықтан мұны қалыпты нәрсе сияқты қабылдаймын. Көптеген мешіттерде сауна мен массаж салоны бар екені анықталса да, таң қалмаймын.

Түскі намаз уақытында Алматыдағы мешіттердің біріне кірген едім. Сонда ақсақалдардың астаналық әншінің қылығы туралы айтып жатқанын көрдім.


«Қарақатын!» деді олардың бірі.

«Қарақат» деп түзедім мен оны.

Ал ол маған жақтырмай қарап: «Қарақатын!!!» деп қаттырақ айтты».