Ақмола облысында теміржол станциясындағы үйлерді су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында теміржол станциясындағы үйлерді су басты

Ақмола облысында теміржол станциясындағы үйлерді су басты

Ақмола облысының Есіл ауданына қарасты Сұрған станциясында үйлерді су алған. Елді мекеннің тұрғындары тілшілерге хабарласып, әбігерге түскендерін айтыпты.

  • 12 Сәуiр 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Хабар 24" хабарлап отыр.

Су аулаға жайылып, кейбір үйлердің ішіне де кірген. Сұрғандықтар жергілікті әкімшіліктің бей-қамдығына шағымданып отыр. «Есіл ауданның әкімдігі төтенше жағдайдан хабардар екені анық, бірақ әзірге қимыл-әрекеттерін байқамадық», — дейді станция тұрғындары. Бұл жағдайдан төтенше жағдай қызметі де хабарсыз.

"Сұрғанда тұрып жатқаныма жетпіс жыл болды. Мұндай жағдайды көрмеппін. Аула түгілі үйді су алып кетті. Еденде ылғал, төсеніштер де суға малынды. Ұрадағы картоп та бүлінді. Әкім келді. Директор трактор берді. Тазалап жатырмыз. Әкім келіп, біздің жанталасқанымызды қарап тұрды да кетті" дейді ауыл тұрғыны Владимир Чижых.