Дәріханаларда тұтынушыларға ақыл-кеңес берілмеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәріханаларда тұтынушыларға ақыл-кеңес берілмеуі мүмкін

Дәріханаларда тұтынушыларға ақыл-кеңес берілмеуі мүмкін

Дәріханаларда тұтынушыларға ақыл-кеңес берілмеуі қажет. Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс

  • 13 Сәуiр 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

Дәріханаларда тұтынушыларға ақыл-кеңес берілмеуі қажет. Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, дертіне ем іздеп барған азаматтар сатушыдан ақыл-кеңес көп сұрайды. Сәйкесінше, олар қымбат дәрілерді сатып алуға кеңес береді немесе азаматтар ғаламтордан оқып, арзан дәрі-дәрмекті алуға тырысады. Ол көп жағдайда көмектесе бермейді. Осыған байланысты депутат денсаулық сақтау министрлігіне мәселені шешу үшін жұмысын оңтайландыруды ұсынды.

«Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін өндірушіден тұтынушыға дейін дәрі-дәрмектің жетуін қадағалайтын, препараттарды сатуда этикалық және кәсіби нормаларды енгізу керек деп санаймын. Сонымен қатар, министрліктің нұсқауына сәйкес, рецепті арқылы берілетін дәрілерді үлестіруді қатаң бақылауға алу қажет. Отандық дәріханалар халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс», — деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова.