Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді бақылау күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді бақылау күшейтілді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді бақылау күшейтілді

Ішкі істер министрлігінің шешімімен енді 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алатын тұлғалардан емтихан қабылдау және куәлік беру жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК Facebook-тағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

  • 14 Сәуiр 2017
  • 536
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда Арнайы ХҚКО-лардың жұмыс тәжірибесін сараптай келе, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінің жүргізуші куәлігін алғаш алып отырған жүргізушілерге мен емтихан қабылдау және куәлік беру құқығын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бөлімшелер Арнайы ХҚКО-ларға және ІІБ ірі тіркеу-емтихан бекеттеріне жақын маңда орналасқан. Ал жүргізуші куәлігі бар азаматтар бұрынғыша аталмыш бөлімшелерден куәлік телнұсқасын алуларына немесе ауыстыруға болады», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Хабарламада аталып өткендей, жүргізуші куәлігін бірінші рет алатын азаматтар тек Арнайы ХҚКО-лардан, қалалық және ірі ауданаралық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшелерінен ала алады.


«Сонымен қатар, емтиханды арнайы комиссия қабылдайтын болады. Комиссия құрамына қоғамдастық өкілдері мен басқа да ІІБ қызметкерлері кіреді», — деп түсіндірді ведомствода.