Ақмола облысында тасқын салдарынан 4 жарым мың тұрғын ауыз сусыз отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында тасқын салдарынан 4 жарым мың тұрғын ауыз сусыз отыр

Ақмола облысында тасқын салдарынан 4 жарым мың тұрғын ауыз сусыз отыр

Ақмола облысындағы бірнеше елдімекенді шайып кеткен тасқын су салдарынан жергілікті тұрғындар ауыз сусыз отыр.

  • 17 Сәуiр 2017
  • 298
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Сандықтау ауданының орталығы Балкашин ауылы орталықтандырылған ауыз судан ажыратылды деп жазады Хабар-24. 

Бұл туралы аталған ауданның әкімі Асылбек Есмағамбетов мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, ауызсудың тоқтауына су станциясындағы насостар мен су алатын скважиналардың ағын судың астында қалуы себеп болған. Өйткені, кеше аудан орталығының жанынан өтетін Жабай өзені арнасынан асып, 300-ге жуық үйді су басқан болатын. Балкашин ауылында жалпы 4 жарым мың халық тұрады. Қазір жергілікті билік өкілдері тұрғындарға ауызсуды Көкшетау қаласынан тасып әкеліп беріп жатыр.

Айта кетейік, соңғы екі күннен бері Ақмола облысындағы жағдай күрделеніп кетті. Дәл осы Сандықтау ауданында 53 жастағы әйелдің қайыс болғаны да айтылуда. Аймақта халықты эвокуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.