Қазақстан журналистикасы саласында тағы бір сыйлық тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистикасы саласында тағы бір сыйлық тағайындалды

Қазақстан журналистикасы саласында тағы бір сыйлық тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистика саласында тағы бір сыйлықтың тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайд

  • 27 Сәуiр 2017
  • 279
Фото - Caravan.kz

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистика саласында тағы бір сыйлықтың тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жариялаймыз», — деп жазды министр өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Министрдің сөзіне қарағанда, басты мақсат — талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.

«Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «Үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады. Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады,Сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады», — дейді Дәурен Абаев.