Қызылордада мыңдаған мұғалім мәжбүрлі түрде медициналық тексеруден өткізілген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада мыңдаған мұғалім мәжбүрлі түрде медициналық тексеруден өткізілген

Қызылордада мыңдаған мұғалім мәжбүрлі түрде медициналық тексеруден өткізілген

Қызылорда облыстық прокуратурасы денсаулық сақтау туралы заңнамалардың қолданылуына жүргізілген талдау нәтижесінде мұғалімдердің «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында» қаралмаған тексеру түрлері бойынша медициналық  дәрігерлік тексеруден өтетіні анықталды. Ұстаздарға қызмет ақылы түрде көрсетілген.

  • 28 Сәуiр 2017
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Облыс прокуроры Х.Дәуешов, ереже талаптарына сәйкес, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері әрбір оқу жылының басында терапевт дәрігерінің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиістігін атап көрсетті.

Тек өткен жылы ғана емханалар өздерінің бюджетін толтыру үшін 4 мың мұғалімді офтальмолог, отоларинголог, хирург, гинеколог және тағы басқа дәрігерлерден қосымша өтуді міндеттеген, осы арқылы 3,5 млн. теңге табыс тапқан.

«Прокурорлық шаралар нәтижесінде емханалар оқытушылардан негізсіз алған ақшаны қайтаруда. Қазіргі таңда 2 мың мұғалімге 2 млн. теңге қайтарылды», — деп хабарлайды облыс прокуроры.  


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kyzylordada-4-myn-ustaz-mazhburli-turde-mindetti-emes-medicinalyk-tekseruden-otkizilgen_a3021814