Ұлыбритания парламенті таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания парламенті таратылды

Ұлыбритания парламенті таратылды

Ұлыбритания парламенті 3 мамыр күні кезектен тыс сайлау қарсаңында таратылды. Біріккен Корольдіктің заң шығарушы органы жергілікті уақытпен 00:01-де (Астана уақытымен  05:01) өз жұмысын тоқтатты

  • 3 Мамыр 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.  

Ұлыбританияның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, парламент сайлау өтерден 25 жұмыс күні бұрын таратылуы тиіс. Елдегі сайлау премьер-министр Тереза Мэйдің бастамасымен 8 маусым күні өтеді.

Тереза Мэй Вестминстерді тарату мәселесін мақұлдау үшін  патшайым II Елизаветамен ресми түрде кездеседі.

Ұлыбритания парламентінің таратылуы дегеніміз — оның палатасындағы (төменгі палата) 650 орынның автоматты түрде бос қалуын білдіреді.  Бұрынғы депутаттар жұмыс орнында қалдырған құжаттары мен жеке заттарын алып кету үшін бірнеше күнге Вестминстер сарайының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.