Қырғызстанда табиғат апаттарын тоқтатуды сұрап дұға оқылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда табиғат апаттарын тоқтатуды сұрап дұға оқылып жатыр

Қырғызстанда табиғат апаттарын тоқтатуды сұрап дұға оқылып жатыр

Қырғызстанның мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) аймақта табиғат апаттарының жиілеп кетуіне байланысты оны тоқтатуды сұрап дұға оқу жөнінде бұйрық шығарды.

  • 5 Мамыр 2017
  • 429
Фото - Caravan.kz

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 мамырда Қырғызстан аумағының барлық мешіттерінде адамдарды айтып келмейтін зілзала, су тасқыны секілді апаттардан қорғау жөнінде дұға оқылады. Діндарлар елдің бейбітшілігі мен гүлденуін де тілейді.

Бұйрықты елдің барлық мешіттерінің имамдары орындауы шарт делінген.

29 сәуірде Ош облысының Узген ауданында өзен суы арнасынан асып, 7 үйді су басып қалды. Онда 24 адам тұрған. Бәрі қаза тапқан. 3 мамырда қырғыз-тәжік шекарасына жақын жерде күші 7 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағына жақын Ош және Баткен облыстарындағы 66 үй апатты жағдайда деп танылған.