Маңғыстау облысында белгісіз біреулер балалар отырған үйді тапаншамен атқылаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында белгісіз біреулер балалар отырған үйді тапаншамен атқылаған

Маңғыстау облысында белгісіз біреулер балалар отырған үйді тапаншамен атқылаған

Қарақиян ауданы Жетібай ауылында белгісіз ер адамдардан құралған топ ауылдағы үйлердің бірін тапаншамен атқылаған. Бұл туралы Маңғыстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

  • 12 Мамыр 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

Қарақшылар үйге 9 мамыр күні таңертең келіп, ауладан үйге қарай бірнеше рет оқ жаудырған. Бұл туралы үйдің иесінің әйелі айтты.

— Шамамен 6-7 адам біздің аулаға кіріп тапаншамен ата бастаған. Барлығы да бетперде киген. Мен бұл сәтте үйде жоқ едім. Бірақ, балаларым болды. Қылмыскерлер аулада біраз уақыт жүріп, терезелерді атып сындырыпты. Жарты сағаттай тоқтаусыз ата берген. Мұнан кейін қашып кеткен", — дейді Сандуғаш Милгалиева.

Оқиға болған сәтте үйде кішкентай балалармен бірге ересек ер азамат және жүкті әйел де болған екен. Олардың ешбірі жарақат алмаған. Бірақ, жүкті әйелдің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

— Алты күдіктінің кім екені анықталды. Қазір оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — делінген Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.