«Біржан Жақыпов қазақстандық спорттың мақтанышы. Ол үш мәрте Олимпиада ойындарына қатысып, барлығында ширек финалға дейін жетті. Көптеген спорттық шаралардың жеңімпазы, олардың қатарында Әлем чемпионаты да бар. Сондай-ақ, Біржан түрлі халықаралық және құрлықаралық жарыстарда құрмет тұғырына көтерілді. Мансабын аяқтағаннан кейін де Жақыпов әскери спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап, көптеген жас атлеттерге үлгі болып келеді», — деді Мейірманов.