Түркіменстанның вице-премьері өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанның вице-премьері өз-өзіне қол жұмсады

Түркіменстанның вице-премьері өз-өзіне қол жұмсады

Түркіменстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары Батыр Эрешов өз-өзіне қол жұмсаған.

  • 23 Мамыр 2017
  • 239
Фото - Caravan.kz

Дереккөздің хабарлауынша, бұның алдында вице-премьердің ұлы тұтқындалған деп жазады centralasian.org.

Өнеркәсіп кешеніне жауапты саясаткер Батыр Эрешовтың қайтыс болған 3 мамырда түркіменстандық ресми баспасөз хабарлаған еді. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оның ұлы аса ірі көлемдегі қаражатпен ұсталған делінеді. Билікке жақын дереккөздің хабарлауынша, баласы ұсталған соң артынша Эрешовтың соңынан тыңшы түскен.

"Оның ұлы көп ақшамен ұсталды. Артынан аңдып қойды, оны да ұстайды деп бәрі ескертіп жатты. Содан кейін ол асылып өлген. Денесін алып кетіп, үш тәулік бойы бермеді. Кейін қайтарып берді, расталмаған ақпарат бойынша, оны Өзбекстанда, өзінің туған жерінде жерлеген. Ұлы әлі қамауда отыр", — деді дереккөз.


"Хроника Туркменистана" сайтының хабарлауынша, Эрешов Өзбекстанның Бұхара облысындағы зиратта, бабаларының қасына жерленген.