Павлодарда Сұлтанмұхамед Бахадүрдің ордасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Сұлтанмұхамед Бахадүрдің ордасы табылды

Павлодарда Сұлтанмұхамед Бахадүрдің ордасы табылды

Павлодарда Ертіс өзенінің жағасынан 18 ғасырдың белгілі әскери әрі мемлекет қайраткері Сұлтанмұхамед Бахадүр сұлтанның резиденциясы табылды.

  • 25 Мамыр 2017
  • 208
Фото - Caravan.kz


Павлодарлық Тимур Смағұлов бастаған «Марғұлан-орталығының» археологтары үш ғасыр бұрын Ертіс маңы билеушісінің ордасы болған жерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тарихшылар бірнеше жыл бойы архивтердегі көптеген құжаттарды зерттеп, сұлтанның резиденциясын іздеуге шыққан.

Сұлтанмұхамед Бахадүр Абылай ханның туысы болған. Дипломатиялық бағытта жазылған жазбалар оның көреген әрі өте сұңғыла саясаткер болғанын айғақтайды. Сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ең басты айқастардың біріне қатысқан. Оның өзен жағалауында бірнеше резиденциясы болған. Солардың бірі Павлодардың маңында орналасқан. Ол тұрған арал Сұлтанның аралы деп аталған. Енді «Марғұлан-орталығы» ғимаратында аталған орынның көшірмесі орнатылады. Ол күзге дейін аяқталады деген жоспар бар.