Ол жалдамалы пәтерде ағасымен бірге тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде төтенше оқиға тіркелді. Түнгі сағат 3-тен 20 минут кеткенде облыстық жедел жәрдем бекетіне шақырту түскен. Қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиеваның айтуынша, дәрігерлер оқиға орнына жеткенде тек студент қыздың өлімін тіркеген. Қазір осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.
«Полицияға Ақтөбе қаласының Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адамның секіріп кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғаны, жоғары қабаттан секіріп кеткен адам 17 жастағы колледж студенті екен. Ол жалдамалы пәтерде ағасымен бірге тұрған. «Ешкімге кінә артпаймын» деп хат қалдырған. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.