Бұл туралы ҚазАқпарат kmc.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргізілетін ипотеканы субсидиялау талаптарына сәйкес азаматтарға сыйақы мөлшерлемесі жылына 10%-дан аспайтын ипотека алуға мүмкіндік туады. Мәселен, екінші деңгейдегі банктер жылына 17% мөлшерлемемен берген ипотеканың 7%-ын ҚИК субсидиялайды. Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі — 10 жыл.
Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді субсидиялау сомасының лимиті белгіленген. Астана және Алматы қалаларындағы кредиттің ең шекті мөлшері 20 миллионнан, ал облыстардан 15 миллионнан аспауы тиіс.