Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандары туралы көркем фильм көк тиынсыз түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандары туралы көркем фильм көк тиынсыз түсірілді

Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандары туралы көркем фильм көк тиынсыз түсірілді

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдарын көрсететін көркем фильм үшін оны түсіруге қатысқандар мен актерлерге ақы төленбепті. Туындыны жасаушылардың айтуынша, ешкім еңбегіне ақы сұрамаған да.

  • 31 Мамыр 2017
  • 2458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі тележурналист Серік Әбікен өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Бұл — қазақтың зарлы тарихын баяндасақ деген пейілдің жемісі. Демеушісіз, ешкімнен ақша сұрамай, энтузиазм біріктіргендердің жұмысы. Актерлар де, жұмыс тобы да көк тиын ақы алған жоқ. Бәріне мың алғыс! Монтаж бен дубляж біткенше біреуі қыңқ етпеді. Бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеді. Енді, міне, 1932 жылғы ашаршылықтың 85, 37-жылғы репрессияның 80 жылдығына орай ел назарына ұсынбақпыз" дейді Серік Әбікен.

Айта кетейік, "Бір уыс бидай" атты бұл фильм бүгін кешке "Жетісу" телеарнасында көрсетіледі.


Бұл — қазақтың зарлы тарихын баяндасақ деген пейілдің жемісі. Демеушісіз, ешкімнен ақша сұрамай, энтузиазм біріктіргендердің жұмысы. Актерлар да, жұмысшы топ та көк тиын ақы алған жоқ. Бәріне мың алғыс! Монтаж бен дубляж біткенше біреуі қыңқ етпеді. Бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеді. Енді міне 1932 жылғы ашаршылықтың 85, 37-жылғы репрессияның 80 жылдығына орай ел назарына ұсынбақпыз. Көріңіздер! Тұсаукесер 31 мамыр күні.

Posted by Serik Abiken on Wednesday, May 24, 2017