Кінәсін мойындамай тұрған Қайрат Бекарыстанов бастапқыда 2-3 адамға көлік алып беріп, әбден сенімге кірген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осыдан кейін, клиенттері күрт көбейіпті. Тіпті, аңқау жұрт оның қолына бірнеше машинаның ақшасын ұстата салған. Кейбірі 8 миллионға шығынға батып отыр. Әбден машықтанған алаяқ жылмысқы әрекетін 3 жылдан бері жүзеге асырып келіпті. Өзі бұған дейін де осындай әрекеті үшін түрмеде отырып шыққан екен. Бірақ босай сала баяғы әніне қайта басқан.
"Бұл кісінің мүмкіндіктері жоқ. Банктермен қарым-қатынасы да жоқ. Оның барлық айтқан әңгімесі жалған болып шықты. Сондықтан да ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, тергелуде" дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.