Астанадағы әуежайдың жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы әуежайдың жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

Астанадағы әуежайдың жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

5 маусымда Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы «Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеу- Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады. Бұл күні жаңа терминал Airbus- 320 ұшағымен Мәскеуге ұшқан жолаушыларға қызмет көрсетті.

  • 6 Маусым 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

«Астана халықаралық әуежайы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, халықаралық бағдарларға Ташкентке («Өзбек әуежолы») мен Франкфуртке («Lufthansa») ұшақтар жіберу жоспарланып отыр. «Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай арқылы жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуды бастадық», — дейді Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти. П. Ричиоттидің айтуынша, «команда қысқа мерзімде жобаны табысты жүзеге асырды». Оның айтуынша, «Астана әуежайын дамыту жобасы әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын басты байланыс желісі — Орта Азия өңірінің аймақтық хабы» болып табылады.


Атап өтерлігі, Астана халықаралық әуежайдың жаңа терминалы Мемлекет басшысының қатысуымен 31 мамырда ашылды. Замануи үлгідегі жолаушылар терминалының құрылысы 2014 жылғы қарашада басталып, 2017 жылы мамырда аяқталды. Жаңа терминалдың аумағы 47 мың шаршы метр, жылына 8,2 миллион жолаушыны өткізеді. Жаңа терминал ескі әуежайдың өткізу қабілетін 2,5 есеге арттырды.