Алматы іргесіндегі тұрғындар қара су үшін қырылысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы іргесіндегі тұрғындар қара су үшін қырылысып жатыр

Алматы іргесіндегі тұрғындар қара су үшін қырылысып жатыр

Алматының Медеу ауданына қарасты Көлсай ауылында көршілерімен арадағы су мәселесін реттеуге талпынған азамат оңбай таяқ жеді. Шөлдеген жұрт осындай сұмдыққа баруда. Ал алда әлі үш ай жаз бар.

  • 9 Маусым 2017
  • 840
Фото - Caravan.kz

Мұндағы шүмектен су себезгілеп қана ағады, деп жазады "КАРАВАН" газеті. Көлсай тұрғыны Наталья ыдысына су толтырып, баласын шомылдыру үшін осында жарты сағат отырады. Бірақ жұрт бұған да тәуба дейді. Өйткені мүлдем тіршілік нәрінсіз қалатын күндер де бар. Мұндағы 80-нен астам отбасының қаталап отырғанына бірнеше күн болған. Ал ауылдың жоғары жағында бұлақ атқылап, ондағы тұрғындар таза суды тіпті хауызға құйып жатыр. Бірақ бұл жағдай үлкен дуалдың ар жағында болғандықтан, көзі қызған көпшілікке көрінбейді.

Сол бұлақ суын бөлісуге көршілер әрдайым келісе бермейді. Ауылдағы жағдайды реттеп, тіршілік нәрін әділ жолмен таратқысы келген Болат Тағаевты сол үшін біреулер, жоғарыда айтқанымыздай, аяусыз соққыға жыққан. Осыдан кейін ол қолын бір сілтепті. Бірақ көршілері оны алған бетінен қайтпауға көндірген. Болат пен сусыз отырған басқа да тұрғындар сейсенбі күні қағаздары мен фотосуреттерін көтеріп, Медеу ауданының әкімдігіне барды.

— Енді сотқа жүгінейін деп жатырмыз. Бізге келетін су көзі жекеменшік аумақта екен. Ол жер ауылымыз облысқа қарайтын кезде сатылып кетіпті. Соны иеленіп алғандарға 50 диаметрлік құбыр жүргізілген. Ал біздегісі 15 диаметрлік. Оның өзінен су ақпайды. Ол жерден шығатын суды жұрттың бәрі ішуі керек қой. Бұл стратегиялық нысан емес пе? Неге бұлай болып жатыр? — дейді ашынған тұрғындар. 


Шенеуніктер қалаға кейінгі кездері қосылған елді мекендердің бәрінде мұндай мәселе барын білеміз деп отыр. Олардың айтуынша, қазір осындай жерлердегі су мәселесін шешуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Бірақ ол жұмыстардың қашан бітері белгісіз…