Екінші қыз №7 қалалық ауруханаға жеткізіліп, ол нейрохирургия бөліміне жатқызылған.
“Екатерина қазір Орталық қалалық клиникалық ауруханада. Шұғыл операция жасалғанына қарамастан оның жағдайы әлі де ауыр. Білікті мамандар оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр”, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомства кепілді медициналық тегін көмек бағдарламасының аясында барлық қажетті медициналық көмек жасалып жатқанын айтты.
“Денсаулық сақтау саласындағы ең мықты мамандар шақыртылып, емделушілер барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Біз олардың жағдайы жақсарады деп үміттенеміз, содан соң барып сауықтыру шаралары көрсетіледі”, – деді басқарма.
Еске сала кетейік, 16 маусым күні Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойында екі жеңіл көлік және бір автобустың қатысуымен болған жол апаты кезінде екі қыз ауыр жарақат алған еді. Оның ішінде Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылған.