Қамауда жатқан бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі ұшақта шатақ шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қамауда жатқан бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі ұшақта шатақ шығарған

Қамауда жатқан бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі ұшақта шатақ шығарған

Жақында ғана тұтқындалған белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы Жәмила Айымбетова-Тоқмәди сән-салтанатты ортада танымал Диана Азимовамен тура ұшақта жанжалдасып қалыпты.

  • 21 Маусым 2017
  • 2466
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға кәсіпкер қамауға алынардан бір апта бұрын Астана-Алматы рейсінде болған, деп жазады «Время» газеті.

Екі әйелдің қатты долданғандары сонша, әуе кемесінің командирі бортқа полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болыпты. Басқа жолаушылардың айтуынша, бұл бикештер бірге келе жатқан. Ал енді олардың неге келісе алмай қалғанын өздері ғана біледі. Жәмила мен Диананың өзара ұрысқаны былай тұрсын, өздерін сабырға шақырған жолсеріктерге тап берген. Тіпті олар стюардессалар мен ұшқыштардың барлығын жұмыстан шығарамын депті.

Ұшақ қонғаннан кейін экипаждағылар Айымбетова мен Азимованың әрекетіне қатысты қағаз толтырып, оларды полицияға тапсырған. Сөйтіп, Мұратхан Тоқмәдидің әйеліне 6807 теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар