«23 маусым күні сағат 09.00-ден 26 маусым 06.00-ге дейін Желтоқсан көшесінің бірқатар бөлігі жабылады. Атап айтқанда, Желтоқсанның Шевченко, Қарасай батыр, Әйтеке би көшелерімен қиылысатын, сондай-ақ Мақатаев-Мәметова көшелері аралығындағы бөліктері жол қозғалысы үшін жабылады»,- деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты Фурманов — Құрманғазы — Чайковский — Жамбыл; Фурманов — Қабанбай батыр — Чайковский — Бөгенбай батыр; Панфилов — Қазыбек би — Чайковский — Гоголь; Абылай хан — Мақатаев — Чайковский — Маметова квадраттарында орналасқан нысандарға ыстық су беру тоқтатылады.