Тұрсынғали мен Баянның үйлену тойы күзге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрсынғали мен Баянның үйлену тойы күзге қалдырылды

Тұрсынғали мен Баянның үйлену тойы күзге қалдырылды

Алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов пен оның сүйіктісі Баян Есентаева "Wedding Four Seasons" журналына берген сұхбатында алдағы той жайлы айтып берді. Сұхбаттың мұқабасы мен бірінші бетін Instagram желісінде Айдана Асқарова жариялады.

  • 26 Маусым 2017
  • 935
Фото - Caravan.kz

Сөйтсек, Қазнет ең көп талқылап жатқан жұп үйлену тойын бұған дейін хабарланғандай көктемде емес, күзде өткізетін болыпты.

"Бүкіл елге жар салып, той өткіземіз. Мыңнан аса қонақ шақырамыз. Зал іздеп жатырмыз. Аз уақыттың ішінде осы оқиғаға дайындалып үлгермейтін шығармыз, сондықтан тойды кейінге қалдырдық. Жазда достар ел-елге кетіп қалады. Сондықтан тойды күзге қалдырып отырмыз", — деді кәсіпкер. 

Ал тойды асыға күтіп жүрсіз бе деген сұраққа продюсер былай деп жауап беріпті: "Екінші үйлену тойын күту қызық сезім ғой. Бірақ біз 18-дегі жастар емеспіз, ересек адамдармыз, әрбір ісімізді салмақтап, байыппен жасаймыз. Бала кездегідей той көйлегі, қонақтар туралы бас қатырмаймыз. Алайда жаңа өмірді, жаңа сезімдерді тағатсыздана күтемін. Осыған дейін ессіз біреумін бе десем, Тұрсын менен де асып түсті. Алдын ала айтпай-ақ қояйын, бірақ өте қызық болады. Сыртқы келбетіме келер болсам, фата мен үш метрлік шлейфім болмайды, қарапайым әрі әдемі болады". 

"Әйел махаббатсыз өмір сүре алмайды. Шынымды айтсам, сүйгім келді, мұның не екенін сезінгім келді, Жаратқаннан осыны сұрадым. Бірақ бұлай болады деп ойлаған да жоқпын. Турсенмен кездескенде өне-бойымда бір өзгерісті сездім. Жүрегім ақылымды тұңғыш рет тыңдамай қойды. Мен әрбір қадамымды есептейтінмін. Бірақ махаббатта ереже жоқ екенін, шектеу мен тыйымдардың жоғын білдім. Бұл туралы кітаптарда босқа жазылмайды екен", — деді Есентаева. 


Осыған дейін продюсер Жан Мұқанов Instagram желісінде Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің той суреттерін жариялаған еді. Rixos қонақүйіндегі фотосессияда Баян Pronovias көйлегін киіп, Damiani әшекей-бұйымдарын таққан еді.