Ақын-жазушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақын-жазушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді

Ақын-жазушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді

Экономика құлдыраса, қайта түлетуге болады. Ал рухани азғындықтың орнын толтыру оңай емес.

  • 26 Маусым 2017
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл елімізге белгілі ақын-жазушылардың Шымкентте өткен оқырмандармен кездесуінде айтқан ортақ пікірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен Отырар кітапханасында өткен жүздесуемін-еркін пікір алмасу алаңына айналды, деп хабарлайды "Хабар-24". 

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының өзектілігі жан-жақты насихатталды. Қаламгерлер «әлемдік ең озық деген 100 кітаптың қазақ тіліне аударылуы, әрі латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады», – дейді.  

– Сана сезімнің өсуі, ескімен тұрып қалмау, ілгері жылжу міне осы екеуі маған қатты ұнады.Яғни сен өзге ұлттардай, өзге халықтардай болма, өзіңнің кескін келбетің, сөзің,әдет-ғұрпың салтың болсын деп тұр. Бұрын ұжымдық тәрбие болса қазір жеке тұлғалардың заманы индивид.Ол білімді болған сайын ол сол құрлым ғаламдастыруға бейімделеді және сонымен бәсекелесе алады, — ақын-журналист Аманхан Әлімұлы.