Астана мен Ақмола облысында аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
"30 маусымда күндіз Астана мен Ақмола облысында аптап ыстық болады — ауа температурасы 35 градус", — делінген хабарламада. Қазақстанның өзге облыстарында, синоптиктердің хабарлауынша, ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болмақ. Республиканың оңтүстігінде ғана қапырық ыстық, ең жоғары ауа температурасы 33-38, кей жерлерде 40 градус.