Парламент депутаттары каникулға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент депутаттары каникулға шықты

Парламент депутаттары каникулға шықты

Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында алтыншы сайланған ҚР Парламентiнiң екiншi сессиясы жабылып, парламенттiк каникул

  • 30 Маусым 2017
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында алтыншы сайланған ҚР Парламентiнiң екiншi сессиясы жабылып, парламенттiк каникул басталды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiн бiз заңдарды шығаратын елiмiздегi ең жоғары өкiлеттi орган – қос палаталы Парламенттiң кезектi сессиясын аяқтап отырмыз. Алтыншы шақырылған Парламенттiң екiншi сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өттi деуге болады. Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында Парламент депутаттары Президентiмiздiң тарихи тұлғасын ашатын, егемен елiмiздiң даму жолын көрсететiн, келешек ұрпақтарға мұра болып қалатын маңызды құжат – Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы декларациясын қабылдады. Ал елiмiздiң жаңа даму кезеңi констиуциялық реформадан басталды. Конституциялық реформа президенттiк билiктi сақтай отырып, демократияны одан әрi нығайтуға, халықтық билiктi күшейтуге және үкiмет пен парламенттiң жауапкершiлiгiн арттыруға жол ашты. Осылайша, Қазақстан президентiнiң өкiлеттiгi үкiмет пен парламентке бөлiндi», — дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжiлiс спикерiнiң айтуынша, екiншi сессияда қос палатаның екi бiрлескен отырысы, Мәжiлiстiң 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өттi. Бұл кезеңде Парламент қарауында 111 заң жобасы болды, оның 84-i қабылданды. Олардың iшiнде 15 заң жобасына депутаттар өздерi бастамашы болды. Парламент қабылдаған 66 заңға президент қол қойып, олар күшiне ендi. Сондай-ақ, көптеген халықаралық келiсiм ратификацияланды. Парламентте өткен түрлi жиындарда көптеген сала талқыланып, парламент жұмысы ашық жүргiзiлдi.