Уезде бұл апаттың соңғы 60 жыл бақылауда болған ең ірісі саналып отыр. 22 маусымнан 1 шілдеге дейінгі уақытта жылдық жауын-шашын көрсеткішінің 31,8 пайызы немесе 4611 миллиметр түскен. 30 маусым мен 1 шілде аралығында жауын-шашын ең көп түскен, түскен деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік дерек көздеріне сүйеніп.
Апаттан 14 мың үй қираған, су бөгеті мен 70 көшедегі жол бұзылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 мың гектардан аса жерді су басқан, 13 елді мекен электрсіз, ал жеті елді мекен байланыссыз қалды. Алдын ала есепке қарағанда, тікелей және қосымша экономикалық шығын — 9 миллиард юань (1,3 миллиард доллар).