2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит жарақат алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит жарақат алып қалды

2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит жарақат алып қалды

2016 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Василий Левиттің жеке бапкері Александр Стрельников Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшының жарақаты туралы айтып берді. 

  • 8 Шiлде 2017
  • 659
Фото - Caravan.kz

"Иә, ары қарай жүдырықтаса алмайды. Сүйегі шытынаған. Гипс салынды. Әлем чемпионатына дейін жазылып кетсе болғаны" — дейді Стрельников. 

Дегенмен спортшы жаттығу жиындарына барады. 

Қазір ол жиынға кетеді, жалпы дайындыққа. Аяғымен мен өзге жерлеріне жасай береді. Гипсті шешкеннен кейін толық жаттығуға кіріседі. Мерзім қолы қашан бітісетініне байланысты. Қолы ауырса да жұмыс істеу керек. Дәрігер емеспін. Қандай деңгейде екенін айпай-ақ қояйын. Бірақ жұдырықтаса алмайды. Қолында гипс", — дейді бапкер.

Еске салайық, мұның алдында Василий Левит Бүкіл әлемдік бокс сериясының финалында "Куба Домадорес" командасына қарсы "Астана Арланс" сапын күшейтуі мүмкін екені айтылған. Тамызда Германияда өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатында да Левит жүлделі орынға басты үміткер болған.