ЭКСПО аумағына кіру үшін түйелерге де куәлік жасатуды сұраған - kaz.caravan.kz
  • $ 511.67
  • 582.38
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО аумағына кіру үшін түйелерге де куәлік жасатуды сұраған

ЭКСПО аумағына кіру үшін түйелерге де куәлік жасатуды сұраған

ЭКСПО-ға Алматы күнін тойлау қарсаңында шоу жасау үшін 4 түйе жеткізілген. Алайда күзетші жануарлардың куәлігін талап еткен.

  • 11 Шiлде 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Кірер есікте күзетшіге олардың түйе екенін айтса да акретитациядан өткені туралы куәлігін талап еткен.

«Кейіннен акредитация орталығына хабарласқанда, оператор қыз куәлік жасау үшін 3×4 көзілдіріксіз түскен сурет, әртістің аты-жөні, толық номиналы керек екенін айтты», – деп жазады Айгүл Ибраева есімді желі қолданушысы.


«Куәлік жасалғанымен барлығы шындыққа сәйкес келген жоқ. Бір түйенің суретін барлық 4 түйенің мойнына ілдік. Осы уақытта Тараздан бір топ әртіс те келіп жетті», – дейді ол.