Бойдақтар көбеймесін десек, басып алып қашудан бас тартпау керек – жеке пікір - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойдақтар көбеймесін десек, басып алып қашудан бас тартпау керек – жеке пікір

Бойдақтар көбеймесін десек, басып алып қашудан бас тартпау керек – жеке пікір

Өзі біраз уақыт жүріп қалып, кеш үйленген жігіт қызды басып алып қашуда тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Оның ойынша, қайта қазақтар қаншама жылдан бері осының арқасында үйлі болып, ұрпақ өргізіп келеді.

  • 12 Шiлде 2017
  • 1308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Айтуға оңай" ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл жолы бағдарлама бойдақтар мәселесіне арналды. Онда үйленуге қыз сұрап үш бірдей азамат келді. Сондай-ақ, аталған ток-шоудың ертеректегі тура осындай тақырыптағы бағдарламасына кейіпкер ретінде қатысып, соның артынша үйленіп алған фотограф Самат Құсайынов шақырылды. Ол бұл мәселеде басып алып қашу үрдісін жақтайтынын ашық айтты.

"Басып алып қашуға қазір көп адамдар қарсы шығып жатыр ғой. Бірақ осы басып алып қашудың пайдасы бар. Қызға сөз айта алмайтын жігіттерге керек. Кейде қыздың да осыны қалап тұратын кезі болады. Ауылда солай жасай берген жөн. Қалада да тұрмысқа шықпай жүргендерді солай алып кеткен кездер болды. Бірақ қазір бұған көпшілік қарсы шығып жатыр. Соның себебінен қазір бойдақтар көп» деді Самат.