Бұл туралы еліміздің спорт журналисі Айдын Қожахмет хабарлады.
— Вячеслав Эрбес жол апатына түсті. Ертең омыртқасына ота жасайды. Жағдайы ауыр дейді, — деп жазды Айдын өзінің «твиттердегі» парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасы сапында жеті ойын өткізген. Көп жылдары бойы өскемендік «Востоктың» намысын қорғаған. Соңғы клубы – «Мақтарал» болатын.