Ақмола, Солтүстік Қазақстан облытарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел15-20 м/с күшейді.
Күндіз Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматыда қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ : көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыс,солтүстіктен соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С болады
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.