Астанадағы Алматы аудандық сотының судьясы Нариман Бегалиев компания қызметкерлерін бес жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарып, кейін олардың жазасын рақымшылық заңына сай екі есе азайтты.
Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкеріне "жалған құжат жасау арқылы компания қаржысын жымқырды" деген айып тағылған.